05.05.2026, 10:35
Оқиғалар
Өскемендегі жарылыстан кейін қаланы аяқасты бұлт басқан – оқиға орнына мамандар кетті
Қазір ТЖМ қызметкерлері қиранды астын іздеп жатыр
Фото: istockphoto.com
Бүгін Өскемендегі «Казцинк» зауытының аумағында жарылыс болғаны белгілі. Анықталғандай, жарылыстан кейін қаланы аяқасты бұлт басқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті хабарлағандай, мамандар ауаны тексеріп жатыр. Дереккөзге сүйенсек, бұлт зауыт орналасқан өнеркәсіп аймағының аспанын тұмшалап алған.
«Өнеркәсіп аймағының аспанында бұлт пайда болғандықтан, жағдайды нақтылау үшін Экология департаментінің мамандары оқиға орнына аттанды. Олар ауаға қандай атмосфералық қалдық шыққанын анықтайды», - деп хабарлайды ШҚО-ның Экология департаменті.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды