Іле Алатауында адасып кеткен екі қыз бала ауыр хәлде табылды
Олар бірге шыққан топтан қалып қойған
Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылы маңында «Букреева» шыңында адасып қалған екі жасөспірім қыз құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2009 жылы туған екі қыз жеті адамнан тұратын топ құрамында тауға шыққан. «Пионер» тау кешеніне қарай түсу кезінде олар топтан қалып қойып, байланыс үзілген.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының «Барыс» қызметі мен Алматы қалалық ТЖД құтқарушылары жедел түрде іздестіру жұмысын бастады. Іздеу жұмысы түнгі уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізілген. Тауда жауған жаңбыр қозғалысты қиындатып, аумақты тексеруді күрделендірген.
Құтқарушылар Бутаков шатқалы мен «Букреева» шыңы маңындағы тау бағыттарын тексеру барысында адасқан қыздарды тапты. Олар қатты тоңып, шаршап қалған.
Мамандар жасөспірімдерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды қауіпсіз аймаққа жеткізді. Эвакуация барысында қыздар құтқарушылардың көмегімен таудан түсірілді.
Оқиға салдарынан медициналық көмек қажет болмаған. Қыздар туыстарына тапсырылды.