4 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның шығыс өңірінде ғана жауын-шашын болмайды

4 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: © istockphoto.com

Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің бірқатар өңірінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, найзағай мен дауыл секілді табиғат құбылыстары күтіледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады. Сонымен қатар, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кей жерлерінде түнде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Батыс және оңтүстік-шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. 

Қазақстанның шығыс өңірінде ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады деп болжануда.

Синоптиктер еліміздің бірқатар облысында өрт қаупі жоғары екенін ескертті. Олар: Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарының кейбір аудандары.

Ал төтенше өрт қаупі Жетісу облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында сақталады.