02.05.2026, 16:24
Жаңалықтар
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бір көше уақытша жабылады
Шемякин көшесі осымен бір апта ішінде үшінші рет жабылып отыр
Фото: © istockphoto.com
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің кезекті бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шемякин көшесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2 мамыр сағат 22:00-ден 6 мамыр сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі. Жөндеу жұмыстары Кожедуба көшесінен Хмельницкий көшесіне дейінгі аралықта жүргізілуде.
Ол учаскеде арнайы ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылған.
Айта кетерлігі, Шемякин көшесі осымен бір апта ішінде үшінші рет жабылып отыр. Бұған дейін жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен басқа учаскелерде жүргізілген болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды