Астанада есірткі сатып келген 500-ден астам сайт анықталды
Заңсыз айналымнан 45 кг 521 гр түрлі есірткі заттары, оның ішінде 15 кг «синтетика» тәркіленді
Астанада нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Оның барысында қалада есірткі сатып келген 500-ден астам сайт анықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында ведомствоаралық штабтың осы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ атқарушылық тәртіпті күшейту мәселелері айтылды.
«Қазіргі жағдайда есірткі заттарының 90%-ы байланыссыз тәсілмен сатылады, сондықтан біз есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тәсілдерін өзгертіп, онлайн-сату арналарының жолын кесуге және анықтауға басымдық беріп отырмыз. 562 есірткі сайты бұғаттауға жіберілді, олардың ішінде жастар арасында кең таралғандары да бар, күмәнді операциялары бар 378 карта бұғатталды. 369 оқиға анықталды, оның ішінде 125 сату фактісі бар. Заңсыз айналымнан 45 кг 521 гр түрлі есірткі заттары, оның ішінде 15 кг «синтетика» тәркіленді. Есірткіні жарнамалау бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды, 75-тен астам есірткі граффитиі өшірілді. «Күлдіруші газды» пайдалануға қатысты (ҚР ҚК-нің 301-бабы) 20 қылмыстық іс қозғалды, заңсыз айналымнан 70-тен астам баллон тәркіленді», – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мақсат Абикен.