Сол үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әуежайға айыппұл салды
Өскемен қаласының әуежайы арзан авиаотынды қымбатқа сатып әрі бағаны ұзақ уақыт сол қалпында ұстап тұрғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл фактіге қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаменті тексеру жүргізген.
«Тергеп-тексеру нәтижесінде әуежайдың авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға жол бергені анықталды. Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2026 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен «Өскемен әуежайына» 8,9 млн теңге айыппұл салынған», - деп хабарлайды агенттік.
Ал, осы монополиядан түскен 10,6 млн теңге табысты мемлекет өз пайдасына тәркіледі.