Шымкент тұрғыны заңсыз онлайн-казино ұйымдастырып, 2,8 млрд теңге тапқан

Ол осы қылмысы үшін сотталып кетті

Шымкент тұрғыны заңсыз онлайн-казино ұйымдастырып, 2,8 млрд теңге тапқан
Фото: istockphoto.com

Шымкентте онлайн-казино ұйымдастырған азамат 2,8 млрд теңге заңсыз пайда тапқаны үшін 4 жылға нақты бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған: оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді покер клубы түріндегі онлайн-казино жұмыс істеген. Қылмыстық әрекет оған аса ірімөлшерде заңсыз кіріс әкелген.

Бірінші сатыдағы сот Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, бас бостандығынан айыру жазасын шарттытүрде тағайындаған. Заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешімін таппаған.

«Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот шартты түрдесотталуды жойып, 4 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мемлекет пайдасына 2,8 млрд теңге – онлайн-казинодан түскен заңсыз кіріс өндірілді», – делінген прокуратура хабарламасында.