28.04.2026, 15:49
Жаңалықтар
Түркістан облысында жиһаз цехы алапат отқа оранды (ВИДЕО)
ТЖМ қызметкерлері жиһаз цехындағы өртті сөндірді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Түркістан облысының Сауран ауданында жиһаз цехы алапат отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың өртеніп жатқаны байқалды. Өртке жоғарылатылған ранг беріліп, оны сөндіру жұмысы ұйымдастырылды.
Өртті сөндіруге ТЖМ күштері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел түрде жұмылдырылды. Барлығы 110-нан астам жеке құрам және 22 бірлік техника тартылды.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Жану аумағы шамамен 1300 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
27.07.2026, 14:47
Әзербайжанда 16 жастағы бойжеткен 12 жастағы сіңлісін пышақтап өтірді
27.07.2026, 11:55
«Төрт ай төсекке таңылып жаттым»: Алла Пугачева ауыр жарақаты туралы алғаш рет ашық айтты
27.07.2026, 13:12
Емханаларда жаңа тәртіп: кейбір дәрігерлерге жолдамасыз қаралуға болады
27.07.2026, 16:06
36 дропперлік топ 113 млрд теңгені өткізген: ҚМА басшысы Тоқаевқа сұмдық жағдайлар туралы есеп берді