Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері ұлттық GPT платформасында жұмыс істеп жатыр – Мәдиев
Қазір ол бойынша 500 мыңнан астам сұраныс өңделген
Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы жоғары өнімді суперкомпьютерлік кластер іске қосылды.Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Alem.cloud әлемдегі 500 ең қуатты суперкомпьютерлер рейтингінде 86-орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекеттік органдар үшін Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылды. Бұл – мемлекеттік қызметшілерге арналған, қорғалған ортада жұмыс істейтін GPT аналогы. Платформада 15 мыңнан астам пайдаланушының 500 мыңнан аса сұранысы өңделді. Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Заңға қол қойды. Заң жасанды интеллект саласындағы әзірлеу, қолдану және жауапкершілік мәселелерін реттейді, инновациялар мен азаматтардың құқықтық кепілдіктері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді», - дейді министр үкімет отырысында.
Мәдиев атағандай, ал Astana Hub экожүйесінде 379 AI-жоба іске асырылып жатыр.
«Бұл AI-шешімдерді әзірлеу және оларды экономиканың түрлі салаларына енгізу үшін белсенді орта қалыптасқанын көрсетеді. Жобалардың мысалдары слайдта ұсынылған. Стартаптардың 2025 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық табысы 103 миллиард теңгені құрады. Барлық кезеңдегі жиынтық табыс 230 миллиард теңгеге жетті. 2025 жылғы экспорт көлемі 3,5 миллиард теңгеден асты. Сондай-ақ 5 700 жұмыс орны құрылды», - дейді ол.