28.04.2026, 06:10
Жаңалықтар
Атырауда көші-қон заңын бұзғандар күштеп шығарылды
15 шетелдікке 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды
Фото: pixabay
Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдік ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, аталған азаматтар соттың Қазақстан аумағынан шығару туралы шешімін өз еркімен орындамаған. Осыған байланысты құқық қорғау органдары оларды елден күштеп шығару шарасын қолданған.
Шетелдіктер Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Тәжен-авто» бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстан аумағынан тысқары шығарылған.
Құзырлы органдардың дерегінше, заң бұзған азаматтарға алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанға қайта кіруге тыйым салынды.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
Бүгін, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
08.11.2026, 11:00
Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды