«34 градусқа дейін жылы»: сәуір айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» болжамы белгілі болды

«34 градусқа дейін жылы»: сәуір айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жаңбыр мен дымқыл қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

«Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы, оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі», – делінген «Қазгидромет» болжамында.

Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жылынады:

  • батыста +15...+20°С дейін;
  • солтүстік-батыста +17...+25°С дейін;
  • солтүстікте +21...+26°С дейін;
  • орталықта +21...+30°С дейін;
  • шығыста +19...+27°С дейін;
  • оңтүстікте +25...+34°С дейін;
  • оңтүстік-шығыста +22...+27°С дейін.