Астанада көпқабатты үйден өрт шықты

Өрт 7-қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
Фото: ТЖД

Елорданың Сарайшық ауданындағы 10 қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның мән-жайы

Өрт Кенен Әзірбаев көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйден шыққан. Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 10 қабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерлердің бірінде тұтанған. Сонымен қатар, кіреберістің іші қою түтінге толып кеткен.

Қазіргі уақытта өртті толық ауыздықтау үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндірудің бірнеше учаскесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ үй тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, «112» пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.