24.04.2026, 16:24
Жаңалықтар
ЖИ байқауында ІІМ мен әкімдіктер топ жарды
Жеңімпаздар төрт аталым бойынша анықталды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы alem.ai battle ұлттық байқауы мен мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
alem.ai battle жарысының жеңімпаздары төрт аталым бойынша анықталды:
- AI Young Talents – ағзадағы глюкоза мөлшерін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі;
- AI Driving Power – мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі;
- AI Innovators – ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған Robio диагностикалық қолғабы;
- Future Builders – ЖИ-модельдерін үйретуге қолданылатын сапалы деректерді жинауға және қалыптастыруға арналған NCSPEECH стартап сервисі.
Үздік ЖИ-шешімдер байқауында мемлекеттік органдар арасынан Ішкі істер министрлігі («AI Қауіпсіздік» аталымы бойынша), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі («AI Экономика»), Астана қаласының әкімдігі («AI Әлеуметтік саясат»), Ақмола облысының әкімдігі («AI Өңір»), Қарағанды облысының әкімдігі («AI Азаматтарға қызмет») және «KEGOC» АҚ («AI Квазимемлекеттік сектор») топ жарды.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады