24.04.2026, 10:53
Жаңалықтар
Ақтауда бір топ жігіт екі жасөспірімді соққыға жықты (ВИДЕО)
Жасөспірімдердің 17 жаста екені анықталды
Фото: Видеодан скрин
Ақтауда бір топ жас жігіт 17 жастағы екі жасөспірімге шабуыл жасап, оларды соққыға жықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал 20-шағынауданда болған. Бір топ ер адам екі жігітке шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан. Оқиғаның бір бөлігін жергілікті тұрғын үйінің терезесінен видеоға түсіріп алған.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінде зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталғаны хабарланды – екеуі де 17 жаста. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылар бір-бірін таниды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды