15.04.2026, 10:58
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушы қыздар әлемдік олимпиадада бірнеше медаль жеңіп алды
Жарысқа 66 елден 247 оқушы қатысты
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Францияның Бордо қаласында өткен EGMO-2026 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 66 елден 247 оқушы қыз қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Медаль жеңіп алған қазақстандық оқушылар:
- Күміс медаль – Юлия Катунина, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
- Күміс медаль – Аружан Қайрат, Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;
- Қола медаль Вера Которова, Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.
Құрама команданы жаттықтырған жетекшілер - Антон Васильев пен Марат Нысанбаев.
Жалпы командалық есепте Қазақстан 66 елдің ішінде 20-орынды иеленсе, ресми еуропалық елдер арасында 10-орынға тұрақтады.
Айта кету керек, 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы EGMO олимпиадасында 3 алтын, 16 күміс, 17 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды