15.04.2026, 01:03
Жаңалықтар
Семейде монша кешенін қызыл жалын шарпыды
Құтқарушылар оқиға орнында өртті ауыздықтап жатыр
Фото: instagram.com/komek109_semey
Семей қаласында монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау Мичурин көшесі, 177 мекен жайында орналасқан «Банный дом» кешенінде тұтанған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
iKomek Semey қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта қызыл жалынды толық ауыздықтау бағытында тиісті шаралар қолға алынған.
Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталуда. Қала тұрғындарына сабыр сақтап, қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстану және оқиға орнына жақындамау жөнінде ескерту жасалды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады