Димаш қашан үйленеді: көптің көкейіндегі сұраққа анасы жауап берді
Светлана Айтбаева болашақ келіннің қандай болғанын қалайтынын жеткізді
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген-нің қашан шаңырақ көтеретіні туралы сұраққа оның анасы жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің анасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева-ның мәліметінше, отбасы үшін ең маңыздысы – жастардың бір-бірін шынайы түсінуі мен өзара сыйластығы. Оның айтуынша, болашақ келін тәрбиелі, білімді, ақылды әрі адал болуы тиіс.
Светлана Айтбаева бұл мәселе нақты уақытқа байланып қойылмағанын, ең бастысы – ұлының өз таңдауын жасап, жүрек қалауымен отбасы құруы екенін жеткізді. Сонымен қатар ол көпшіліктің ықыласы мен тілегіне алғыс білдіріп, отбасы да сондай қуанышты сәтті күтіп жүргенін атап өтті.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өнерлі отбасында тәрбиеленген ол бала кезінен сахнаға шығып, кәсіби музыкалық жолын ерте бастады.
Әлемдік деңгейдегі танымалдылық оған Славян базары байқауындағы жеңістен кейін келді. Кейін Қытайдағы Singer жобасына қатысуы оның халықаралық аудиториясын кеңейтті.
Бүгінде Димаш бірнеше тілде еркін ән орындайтын, кең диапазонды даусымен ерекшеленетін өнер иесі ретінде әлем сахнасында Қазақстанның мәдениетін танытып жүр.