Қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады
Астанада 15 сәуір мен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі учаскеде жол толықтай жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Емханаға кіру жолдары Мәңгілік Ел даңғылы жағынан қамтамасыз етіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», – делінген әкімдік хабарламасында.