Орталық Азияда алғаш рет мектеп психологтарының қауымдастығы құрылды

Ол кәсіби тәжірибе алмасуына арналған алаңға айналмақ

Орталық Азияда алғаш рет мектеп психологтарының қауымдастығы құрылды
Фото: NIS

рталық Азияда алғаш рет мектеп психологтарының қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың құрылуы білім беру жүйесінде психологиялық қызметті дамытуға деген сұраныстың артуымен байланысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның негізгі міндеті – кәсіби бірлігін күшейтіп, бірыңғай жұмыс стандарттарын қалыптастыру және оқушыларды психологиялық қолдаудың ғылыми негізделген тәжірибелерін енгізу. Бұл тәжірибелер оқушылардың психологиялық әл-ауқатын арттыруға, тәуекелдерді ерте анықтауға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Орталық Азиядағы алғашқы мектеп психологтері қауымдастығын «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ құрып отыр. Қауымдастық мамандардың кәсіби тәжірибе алмасуына және біліктілігін арттыруына арналған тиімді алаңға айналмақ.

Қатысушыларға Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінде әзірленген әдістемелік материалдар мен үздік тәжірибелер, сондай-ақ кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған ресурстар қолжетімді болады.

Сондай-ақ бастама аясында психологтердің өздерін қолдауға да ерекше назар аударылады, яғни кәсіби күйзелістің алдын алуға және жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған топтық және жеке супервизиялар қарастырылған.

Ұсынылатын мамандар тізілімін қалыптастыру көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға және білім беру ұйымдары мен ата-аналар тарапынан сенім деңгейін күшейтуге мүмкіндік береді.