Алматы облысының құтқарушылар жарылыс қаупінің алдын алды

Олар газ баллондарын дер кезінде сыртқа шығарып үлгерген

Алматы облысының құтқарушылар жарылыс қаупінің алдын алды
Фото: скриншот

Алматы облысының құтқарушылары өрт шыққан үйден газ баллондарын алып шығып, жарылыстың алдын алды. Оқиға бүгін Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгін 112 пультіне екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер үйлесімді әрекет етіп, жалын ошағынан екі газ баллонын алып шыққан.

Мамандардың айтуынша, дәл осы әрекет арқылы үлкен апаттың алдын алуға мүмкіндік туған. Яғни, жарылыс қаупі жойылып, өрттің көрші үйлерге таралуына тосқауыл қойылды. Сондай-ақ шаруашылық құрылыстар да аман қалған.

Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөнген.  Зардап шеккендер тіркелмеген. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды тағы бір мәрте ескертті.