Тоқаев ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Ол бас хатшы лауазымындағы жоспарын таныстырды

Тоқаев ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды. Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.

Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.