«Келешек мектептері» жобасы: Қазақстанда аясында жүздеген заманауи білім ордасы салынды
Директорлары «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының түлектері арасынан тағайындалады
«Келешек мектептер» жобасы аясында салынған Қазақстан мектептерінде 200 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңнан астам мұғалім жаңа әдістермен сабақ өткізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам педагог жаңа педагогикалық тәсілдер, жасанды интеллект, цифрлық құралдар және STEM бағытында оқыту бойынша арнайы курстардан өтті.
Оқыту семинарларын Зияткерлік мектептері, Білім-Инновация лицейлері және «Өрлеу» базасында жүзеге асырылуда.
«Мектеп директорлары тәжірибелі басшылар қатарынан және «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының түлектері арасынан тағайындалады. Директорлар стратегиялық конференцияларда STEM-білім беру моделін меңгеріп, дарынды оқушылардың әлеуетін арттыру, білікті кадрларды тарту және жасанды интеллект платформалары арқылы сабақ әзірлеу тәсілдерін үйренді», – делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.