Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Mercedes-Benz E 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен

Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Апат Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында болған. Жолда Mercedes-Benz E 200 және ВАЗ-2107 автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, адам өліміне әкелген екі көліктің соқтығысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Mercedes-Benz E 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.