Қайғылы оқиға елордадағы тұрғын үйлердің бірінде болды
Астанада тұрғын үйдегі өрттен қаза тапқан балалардың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазір оқиға орнында полиция мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
«Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт салдарынан қаза тапқандардың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында аумақ қоршауға алынып, арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін тиісті шаралар қабылданды», – депмәлімдеді полиция.
Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.
Бұған дейін Астанадағы өрттен үш баланың қаза тапқаны белгілі болды.