11.04.2026, 11:04
Жаңалықтар
Түркістан облысында балалардың қауіпсіздігі үшін дрондар іске қосылды
Енді құтқарушылар тұрғындарға дауыс зорайтқыш арқылы сақтық шараларын ескертеді
Фото: © istockphoto.com
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін пилотсыз ұшу құралдарын іске қосты. Енді құтқарушылар көпқабатты үйлердің маңында дрондарды ұшырып, тұрғындарға дауыс зорайтқыш арқылы сақтық шараларын ескертуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дрондар қандай ақпарат таратады?
Тұрғын үй алаптарының үстінде ұшқан дрондар ата-аналарға маңызды ережелерді еске салатын болады:
- Балаларды қараусыз қалдырмау;
- Терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату;
- Тұрмыстық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты жазатайым оқиғалардың санын азайту және халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Көпқабатты үйлердегі ата-аналардың қырағылығын күшейту үшін мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)