10.04.2026, 12:38
Жаңалықтар
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов финалда өзбекстандық боксшыны жеңді
Ол 75 келі салмақта басым түсті
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.
Бірінші үшминуттықта Сабыржан 4:1 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші раундта да басымдығын сақтап қалған қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) алтын алса, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)