10.04.2026, 10:30
Жаңалықтар
Иранда Хаменеи кеңесшісінің қаза тапқаны хабарланды
Ол сәуірдің басында әуе шабуылы кезінде жарақат алған
Фото: aa.com.tr
Иранда жоғарғы көшбасшы Али Хаменеидің кеңесшісі, Ислам Республикасының стратегиялық халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің басшысы Камаль Харрази Тегерандағы жақында болған бомбалау кезінде алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады.Олардың мәліметінше, Харрази «америкалық-израильдік қарсы тараптың шабуылы салдарынан бұрын жараланып, бірнеше сағат бұрын қайтыс болған».
1 сәуірде Al Hadath телеарнасы Харрази Тегеранға жасалған әуе соққысы кезінде жараланып, ауыр жағдайда жатқанын хабарлаған еді.
Сол кезде Иран билігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады