Қар, көктайғақ, найзағай: 10 сәуірде Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады
Елдің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, солтүстікте қар жауады
Синоптиктер 10 сәуірге Алматы, Шымкент және Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Ел бойынша жаңбыр, найзағай, тұман, ал солтүстік аймақтарда қар мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Батысында, орталығында және шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстігі мен батысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікте, шығыста және оңтүстікте секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Петропавлда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысында күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыс, шығыс желі батыста 15–20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысында шығыстан соққан жел солтүстікке ауысып, күндіз оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с болады. Павлодарда да шығыс желі солтүстікке ауысып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында да түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с дейін күшейеді. Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі батыста, солтүстікте және орталықта солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Абай облысында күндіз жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде және орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде оңтүстік-батысы мен орталығында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, ал солтүстігінде, шығысында және орталығында 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, күндіз найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Алматы облысында түнде батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Күндіз оңтүстігінде және таулы өңірлерінде өткінші жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с жетеді. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да түнде жаңбыр, найзағай болады. Таулы аудандарда түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар), күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз шығысында және таулы өңірлерінде кей уақытта қатты жаңбыр, дауыл болады. Оңтүстік-батыс желі шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с дейін күшейеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз таулы аудандарда 15–20 м/с дейін күшейеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысында батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде 15–20 м/с дейін күшейеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте оңтүстік-батыс желі күндіз 15–20 м/с дейін күшейеді. Түркістанда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысында түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Қызылордада да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыс желі батысы мен солтүстігінде солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады. Ақтөбеде де желдің екпіні 15–20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде шығыс бөлігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыс желі күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында 15–20 м/с дейін күшейеді. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Атырау облысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз шығысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай, күн соңына қарай аздаған жаңбыр, найзағай болады.