09.04.2026, 17:41
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушы қыздар Францияда өтетін халықаралық олимпиадаға қатысады
Команда құрамында төрт оқушы мен екі жетекші бар
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы EGMO-2026 жарысына қатысады. Олимпиада 9-15 сәуір аралығында Францияның Бордо қаласына өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл беделді халықаралық интеллектуалды жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 200-ге жуық оқушы қыз бала қатысады. Команда құрамында төрт оқушы, екі жетекші бар. Қазақстан командасы бұл беделді халықаралық интеллектуалды жарысқа 2017 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық оқушы қыздар 3 алтын, 13 күміс және 18 қола медаль, сондай-ақ 4 мақтау грамотасын жеңіп алған.
Команда құрамы:
- Юлия Катунина – Павлодар қаласы, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы;
- Аружан Батырхан – Алматы қаласындағы халықаралық «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
- Вера Которова – Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Аружан Қайрат – Алматы қаласы, С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы;
- Антон Васильев – ғылыми жетекші, физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қолданбалы және негізгі математика кафедрасының доценті;
- Марат Нысанбаев – жетекші, халықаралық математикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Көп оқылған
09.06.2026, 14:12
Семейде қару асынған мас ер адам экс-әйелінің туыстарына барып, аулада жүрген итін атып өлтірді (ВИДЕО)
09.06.2026, 10:47
«Мені құшағыңа ал» демеймін»: он жыл бұрын анасынан айырылған ақтөбелік бойжеткен әкесіне іздеу салды (ВИДЕО)
09.06.2026, 12:35
«Өрт сөндірушілер 250 мың теңге жалақы алады»: Экология вице-министрі орман қызметкерлерінің айлығы 2 есеге өскенін айтты
09.06.2026, 06:21
Астанада көлік жарылысынан зардап шеккендердің бірі көз жұмды
09.06.2026, 09:11
Қазақстанда әскерге барған 660-тан астам сарбазға ЖОО-ның гранты берілді
09.06.2026, 07:18
Нөсер, бұршақ және аптап ыстық: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды