Қазақстанда алты ай қатарынан инфляция дейгейі төмендеп келеді

Қазіргі уақытта жылдық инфляция 11,0%-ды құрайды

Қазақстанда алты ай қатарынан инфляция дейгейі төмендеп келеді
Фото: freepik.com

Елімізде соңғы жарты жыл қатарынан инфляция дейгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еліміздегі инфляцияны бәсеңдетудің тұрақты үрдісі сақталуда. Наурызда бұл көрсеткіш 0,6%-ды құрады, ал қаңтар-ақпан айларында инфляция сәйкесінше 1,0-1,1%-ды құрады.

Төмендеу алты ай қатарынан байқалып отыр: 2025 жылдың қыркүйегіндегі ең жоғары мәннен кейін (12,9%) инфляция біртіндеп баяулауға көшті және 2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша 11,0%-ды құрады.

«Ресми мәліметтер бойынша инфляция деңгейі 6 айдан бері төмендеп келеді. Қазіргі уақытта жылдық инфляция 11,0%-ды құрайды (2025 жылдың қыркүйегінде 12,9% шарықтау шегіне жеткеннен кейін).

Бұл ретте, ҚҚС өзгеруіне байланысты бағаның қысқамерзімді бағаның өсуі қазірдің өзінде теңестірілді және ағымдағы қарқынға әсер етпейді», – делінген Үкіметтің хабарламасында.

ҰЭМ болжамына сәйкес, инфляция 2027 жылдың басына қарай бір мәнді деңгейге көтерілуі мүмкін.