07.04.2026, 12:16
Жаңалықтар
Астанада LRT-ның 19 пойызы жүргізіліп, сынақтан өтті
Желіде 15 пойыз жүретін болады
Фото: CTS
Астананың жеңіл рельсті көлік жүйесі бір уақытта 19 құрамды қатыстырумен көп пойызды кешенді сынақтарға өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сынақтар машинистің араласуынсыз, толық автоматты GOA4 деңгейінде өткізіледі. Қазіргі кезеңде пойыздардың нақты қозғалыс кестесі моделденуде, онымен бірге жолаушыларды отырғызу және түсіру, стансалардағы тұру уақыты мен басқа да негізгі жұмыс көрсеткіштері тексеріледі.
Осы кезеңнің нәтижелері жүйені қосымша баптауға және тұрақты жұмыс жағдайында LRT тұрақты, қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
«Астанаға барлығы 19 құрам жеткізілді. Желіде 15 пойыз жүретін болады. Қалған құрамдар резерв ретінде қарастырылған», – делінген CTS хабарламасында.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
