07.04.2026, 11:56
Жаңалықтар
Ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шықты
Олар қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді
Фото: Olympic.kz
Ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұрбек Оралбай 85 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында моңғолиялық Бариахан Доржбен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдыққа ие болды. Екінші және үшінші раундта да үстемдік еткен Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды.
Ал Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Жартылай финалда Оралбай Түрікменстан өкілі Довлет Исламовты сенімді түрде жеңді. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен басым түсті.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды