07.04.2026, 11:15
Жаңалықтар
Жаңа жылу электр орталықтарына жасанды интеллект технологиялары енеді
Жаңа орталықтар цифрландырылады
Фото: ҚР Үкіметі
«Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жаңа электр стансаларына заманауи цифрлық және экологиялық шешімдер енетінін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, стансаға жабдықтардың жай-күйін бақылау датчиктері орнатылып, жабдықтың жұмысындағы ауытқуларды уақтылы анықтау үшін болжамды талдау тәсілі қолданылады.
Сондай-ақ заманауи «таза көмір» технологиялары енгізілетін болады. Олар:
азот тотығының (NOx) қалдықтарын азайтуға арналған төмен эмиссиялық ошақтар;
NOx-ты қосымша тағы тазартуға арналған SCR жүйелері;
күлді тұтып қалуға арналған электростатикалық және оқпан сүзгілері;
әрбір қазандыққа орнатылатын арнайы күкірт тазарту реакторлары.
«Бұл зиянды заттардың қалдықтарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа стансалар экологиялық заңнамасының талаптарына сай болады», - деп атап өтті Қайрат Мақсұтов.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды