«Жұмыс қарқыны төмендеп кеткен»: Бектенов Алматыдағы ЖЭО құрылысына қатысты сын айтты
Ол атқарылған жұмыстарды тексеру керек деп санайды
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовтан Алматыдағы ЖЭО-ның құрылысы қалай жүріп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy..
«Алматыдағы екінші және үшінші ЖЭО бойынша жұмыс қалай жүріп жатыр? Маған жұмыс қарқыны төмендеп кеткені жайлы ақпарат түсті», - деп сұрады Бектенов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасынан.
Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, бұл ЖЭО-лардң құрылысы «Самұрық-Энергоның» жеке бақылауында.
«Мердігерге жұмысты күшейту, жұмысты үш сменалық режимге көшіру тапсырмалары берілді. Қысқа мерзімде мердігер жұмыс алаңына осы айдың аяғына дейін 1,5 адамды құрылыс алаңына шығаруы керек. Негізгі жабдықтар құрылыс алаңына жеткізілді. Ал қосалқы жабдықтар екі айда жеткізіледі. Жалпы, нысанды уақытылы тапсыруға бар күшімізді саламыз», - дед ол.
Премьер-министр сонда да нысанға барып бұл жұмыстарды тексеріп келуді өзінің бірінші орынбасары Роман Склярға тапсырды.