Сейсенбіде Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, найзағай, тұман және желдің күшеюі күтіледі

Сейсенбіде Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 7 сәуірге Алматы қаласы мен Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ел аумағында жаңбыр, найзағай, тұман түсіп, желдің күшеюі болжанып отыр.

Ақмола облысында күндіз батысында және солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз батысында және солтүстігінде екпіні 15–20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Батысы мен шығысында тұман. Қостанайда түнде жаңбыр мен найзағай болжанады.

Павлодар облысында батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысында күндіз солтүстік-батысында найзағай болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман.

Ұлытау облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман. Жезқазғанда жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі. Қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Семейде түнде және таңертең тұман. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз таулы аудандарда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда және Қонаевта да жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысында солтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с. Солтүстік-батысы мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде және таңертең тұман.

Қызылорда облысында оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында найзағай болады. Түнде және таңертең орталығында тұман. Солтүстігінде дауыл күтіледі. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай болады.

Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Ақтөбеде түнде найзағай, жел екпіні 15–18 м/с.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысында, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, түнде оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман, күндіз жел екпіні 15–20 м/с болады.