06.04.2026, 10:28
Жаңалықтар
Абай облысында мектеп оқушысы ағаштың арасына қысылып қалды (ВИДЕО)
Құтқарушылар ағашта қалып қойған балаға көмек көрсетті
Фото: Видеодан скрин
Абай облысына қарасты Үлкен-Бөкен ауылында 2018 жылы туған баланың ағаштың арасына қысылып қалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне оқиғаға қатысты шұғыл хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері баланың аяғы ағаш бұтақтарының арасында қысылып қалғанын анықтады.
«Құтқарушылар оны абайлап босатып, ата-анасына тапсырды. Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды