Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді

Елдің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісінің есептік қарқыны екі балл болды

Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді
Фото: istockphoto.com

Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісі Түркістан және Жамбыл облыстарында сезілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 3 сәуір күні Астана уақытымен 21:13-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Сезілу деңгейі туралы мәлімет

Түркістан облысында жер сілкінісінің есептік қарқыны екі балл болды:

  • Шымкент қаласы
  • Түркістан қаласы
  • Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті
  • Жетісай ауданы, Жетісай қаласы
  • Келес ауданы, Абай ауылы
  • Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы
  • Шардара ауданы, Шардара қаласы
  • Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы
  • Төлеби ауданы, Ленгер қаласы
  • Сайрам ауылы
  • Манкент ауылы
  • Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы
  • Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы
  • Арыс қаласы
  • Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы
  • Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы
  • Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы
  • Кентау қаласы
  • Сауран ауданы, Шорнақ ауылы
  • Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы

Жамбыл облысында да жер сілкінісінің есептік қарқыны екі балл болды:

  • Тараз қаласы
  • Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы
  • Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы
  • Жамбыл ауданы, Аса ауылы
  • Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
  • Меркі ауданы, Меркі ауылы
  • Талас ауданы, Қаратау қаласы
  • Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
  • Қордай ауданы, Қордай ауылы

Тіркелген жер сілкінісіне байланысты Жамбыл облыстық ТЖД-де жедел желі телефондары іске қосылды.

Бұл өңірлерден зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.