03.04.2026, 23:12
Жаңалықтар
Астанада айналмалы шолу дөңгелегі өртенді (ВИДЕО)
Келушілер аттракционнан дер кезінде түсіріліп, қауіпсіз жерге шығарылды
Фото: ҚР ТЖМ видеосынан скриншот
Астанада Нұра ауданындағы Қорғалжын тасжолы бойында шолу дөңгелегінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері өрттің шолу дөңгелегінің орталық бөлігінде – электр қоректендіру қалқанында шыққанын анықтады.
Келушілер аттракционнан дер кезінде түсіріліп, қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер жалынды Vario backpack fire extinguishing system ранцтық өрт сөндіру жүйесі арқылы толық сөндірді.
Адамдарға қауіп төнген жоқ, оттың таралу қаупі де болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Шолу дөңгелегі кейін қайтадан қалыпты режимде жұмысын жалғастырды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 17:31
«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
02.10.2026, 00:37
«Төрт жыл күрескен»: Танымал тележүргізуші қайтыс болды