Қарағандыда көлігін мас күйінде қатты жүргізген жас жігіт темір торға қамалды (ВИДЕО)

Ол 20 күнін сол жерде өткізеді

Қарағандыда көлігін мас күйінде қатты жүргізген жас жігіт темір тордан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

31 наурыз күні кешкі уақытта полицейлер көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы хабар алды.

№359 патруль экипажы сипаттамаға сай келетін көлікті жедел анықтап, тексеру үшін тоқтатты. 21 жастағы жүргізушімен сөйлесу барысында инспекторлар оның аузынан алкоголь иісін бірден байқаған. Медициналық сараптама оның көлікті мас күйде жүргізгенін растады.

«Іс материалдары сотқа жолданып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Түнгі «жарыстың» соңы әкімшілік қамаумен аяқталды: құқық бұзушы алдағы 20 тәулікті арнайы қабылдау орнында өткізеді», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Кәкімов.