Қарағанды облысында 13 жастағы бозбала із-түссіз жоғалып кетті

Жасөспірім 1 сәуір күні үйінен шығып кетіп, сол қалпы қайта оралмаған

Қарағанды облысында 13 жастағы бозбала із-түссіз жоғалып кетті
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысының Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, жасөспірім 1 сәуір күні үйінен шығып кетіп, сол қалпы қайта оралмаған.

Жеке мәліметтері: жасы – 13-те. Бойы шамамен 150-155 см, дене бітімі орташа, 7-сыныпта оқиды.

Киген киімі: қара күртеше, қызғылт-сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім.

Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр.

«Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарлауды сұрайды.

Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бейжай қалмауға шақырады», – делінген ІІМ хабарламасында.