Қазақстанның 13 өңірінде тұрғындарға ескерту жасалды
«Қазгидромет» РМК мәліметі жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 2 сәуір күні елдің 13 қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы жоғары деңгейде болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ауа райы факторларының үйлесуімен байланысты, яғни зиянды қоспалар ауа қабатының төменгі бөлігінде жиналып, таралмай қалады.
«2 сәуірде Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл:
- желсіздік (штиль),
- әлсіз жел,
- тұман,
- температуралық инверсия.
Мұндай жағдайлар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың шоғырланып қалуына ықпал етеді. Соның салдарынан, әсіресе құрылысы тығыз салынған немесе өнеркәсіптік аймақтарда ауа сапасы уақытша нашарлайды.