Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: ІІМ шұғыл мәлімдеме жасады

Қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: ІІМ шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қаскүнемдер өздерін компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы хабарласады. Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қаупін сылтауратып, жағдайды әдейі күрделендіріп көрсетеді. Жедел әрекет етуді талап етеді және психологиялық қысым жасайды.

Осыдан кейін азаматтарға «мамандар» немесе «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі.

Салдарынан алаяқтар адамдарды ақшасын алып, оны «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі.

«Қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Атап айтқанда, нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты тәсілдермен азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын төмендетуге тырысады.

ІІМ ескертеді: банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді.

Азаматтарды бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және күмәнді жағдай туындаса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз», – делінген ІІМ хабарламасында.