Алматылықтар қандаладан құтылу үшін eOtinish арқылы өтініш бере алады
Күн жылынғанда қалада қандала қаптап кеткен
Алматы қаласының тұрғындары енді қандаладан құтылу үшін eOtinish арқылы өтініш бере алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы тұрғындары үйлерінде ағаш қандалаларының көбейгенін байқай бастады. Жәндіктер терезелер мен едендерде еш кедергісіз жорғалап жүретін көрінеді. Ал оларды басып кеткен жағдайда бөлмеге өткір иіс таралады екен.
Ағаш қандалалары күн жылындағанда тек оңтүстік астанада ғана емес, еліміздің басқа да аймақтарында да шыға бастайды.
Мамандардың айтуынша, бұл қандаланың түрі адамға қауіпті емес, алайда ағаштар мен жасыл желекке зиян келтіріп, олардың әлсіреуіне және сол өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына әсер етуі мүмкін.
Сондықтан тұрғындар өңдеу жұмысын жүргізу үшін қалалық органдарға немесе «E-Өтініш» жүйесі арқылы өтініш бере алады.