Доллар бағамының арзандауы теңгеге қалай әсер етеді – Ұлттық банк төрағасы түсіндірді

Ұлттық қордың активтері де доллармен есептеледі

Доллар бағамының арзандауы теңгеге қалай әсер етеді – Ұлттық банк төрағасы түсіндірді
Фото: istockphoto.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында доллардың арзандауына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сүлейменов доллар курсы өссе де, төмендесе де халық үрейленетінін айтты.

«Мысалы, теңге күшейсе, бұл негізгі экономикаға, әсіресе экспортқа байланысты. Қазақстанның негізгі экспорттық өнімі – мұнай, ол экспорттық кірістің 50%-дан астамын құрайды. Мұнай бағасы көтерілсе, көлемдер сол қалпында болса да, экспорттық кіріс өседі. Сол арқылы валюталық ұсыныс та артады, яғни доллар бағамы белгілі деңгейде тұрақталады», – дейді Сүлейменов.

Оның айтуынша, ұлттық қордың активтері де доллармен есептеледі, сондықтан теңгеге қатысты бағам өзгерісі қордың долларлық бөлігіне әсер етпейді.

«Біз әрдайым ұлттық қордың валюталық құрамын қадағалаймыз, ол доллармен есептеледі және теңгеге ауыстырылмайды. Осы себепті валюта нарығында курс өзгерісінің негізгі әсері экономиканың экспорттық кірісіне және валюталық ұсынысқа қатысты көрінеді», – дейді Тимур Сүлейменов.

Қазір нарықта 1 доллар 476 теңгеге тең.