Елімізде мемлекеттік құпияны таратқандарға жауапкершілік күшейетін болады
Депутаттар бірінші оқылымда заң жобасын мақұлдап отыр
Мәжіліс мемлекеттік құпияларды сақтау мәселесіне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізуді көздейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заң аясында мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы талаптарды сақтау қатаң бақылауға алынбақ. Тиісінше, органның құзыреті артып, құпия ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктері күшейтіледі.
Егер адам мемлекеттік құпияны сақтау талаптарын бұзғаны үшін жаза алып, соған қарамастан бір жыл ішінде сол талапты қайта бұзса, оған қосымша жауапкершілік қарастырылады.
Бұл өзгерістер мемлекеттік құпиялардың таралу қаупін азайтуға және жауапкершілікті күшейту арқылы тәртіпті арттыруға бағытталған.
Заң жобасы әзірге тек бірінші оқылымда мақұлданды. Соңғы нормалар қабылданғаннан кейін нақты қалай қолданылатыны белгілі болады.