31.03.2026, 15:48
Жаңалықтар
Тоқаев «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады
Кездесуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
