30.03.2026, 12:13
Жаңалықтар
Наурыз айының соңғы күндері Қазақстанда 32 градус ыстық болады
Синоптиктердің болжамы белгілі болды
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады, батыста кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы:
- солтүстік-батыста +17…+26°С,
- солтүстікте +13…+20°С,
- орталықта +12…+23°С,
- шығыста +5…+22°С,
- оңтүстік және оңтүстік-шығыста +23…+32°С,
- батыста +20…+25°С-тан +13…+20°С-қа дейін төмендейді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды