29 наурыз күні ауа райы қандай болады

Кей өңірлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұруы мүмкін

29 наурыз күні ауа райы қандай болады
Фото: © freepik.com

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілсе, кей өңірлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің батыс және оңтүстік өңірінде күн райы бұзылады. Мұнда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжануда.

Республиканың қалған бөлігінде антициклон әсерінен ашық ауа райы сақталады. Алайда синоптиктер еліміздің барлық аумағында тұман түсетінін ескертті.

Синоптиктер бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады. Солтүстік өңірдің тас жолдарында көктайғақ болуы ықтимал. Ал батыс, оңтүстік және орталықта желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте қатты жел шаңды дауылға ұласуы мүмкін.

Ауа райының жылынуына байланысты кей өңірлерде өрт қаупі бар. Атап айтқанда, Қызылорда облысының шығысында; Түркістан облысының батысында; Жетісу облысының оңтүстігінде.