28 наурыз күні қай жолдар жабық, қай бағыт ашық

Жолдар ауа райының қолайсыздығы мен су тасқыны қаупіне байланысты жабылды

28 наурыз күні қай жолдар жабық, қай бағыт ашық
Фото: © istockphoto.com

28 наурыз күні таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап. 

Ауа райының қолайсыздығы мен су тасқыны қаупіне байланысты бірқатар учаскеде көлік қозғалысына тыйым салынды.

Қостанай облысы

Мұнда жолдың үстін су шайып кеткен (ұзындығы 70 метр, биіктігі 20 см). 

Сонымен қатар Ресей Федерациясындағы жолдардың жабылуына байланысты:

«Мариновка ауылына кіреберіс» (0-9 км) тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабық. 5 сәуір, сағат 08:00-де ашылуы мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» (0-30 км) учаскесінде қозғалыс тоқтатылды.

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» тас жолының Қалқаман айрығы мен ауылға кіре беріс тұсында шектеулер бар.

Шығыс Қазақстан облысы 

Күрделі тау жағдайына байланысты Осинов асуында (46-66 км, Северный ауылынан Серебрянск қаласына дейін) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін жол жабық.

Қай жолдар ашық?

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының шекарасындағы негізгі бағытта қозғалыс қалпына келтірілді. Өскеменнен бастап Семей қаласына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі еркін жүре алады.