Street racing: Мұрат Әбенов қала ішінде 120 км/сағ-пен жүргендерді мас деп санауды ұсынды

Ол тиісті заңға өзгерістер енгізуді ұсынбақшы

Street racing: Мұрат Әбенов қала ішінде 120 км/сағ-пен жүргендерді мас деп санауды ұсынды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Мұрат Әбенов көшелерде тұрған камералар дәулетті адамдарға тек айыппұл салумен ғана шектеледі. Енді осыған байланысты заңға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде дәулетті адамдар жол ақысын төлегендей, ереже бұзып жүре беретін көрінеді.

«Бұл жерде екі мәселе бар. Бір жағынан біз камераларға көп сеніп кеттік. Камералар арқылы түсетін айыппұл – қарапайым халыққа үлкен ақша. Ал бай адамдарға ол – айыппұл ғана. Одан артық әсері жоқ. Олардың бәрінің автокөлігі – 100-200 мың доллардан. Олар айыппұлды – «жол ақысы» дейді, 1-2 млн теңге айыппұл төлеп жүре береді.

Бұл жерде үлкен мәселе, бізде заңда да кемшілік бар. Street racing деген – заңбұзушылық. Шетелде қала ішінде жарыс ұйымдастыру бұрыннан қылмыс болып саналады. Енді жылдамдық 60 км/сағ артық көбейсе, ішімдік ішіп, рульге отырғандармен бірдей деп есептеп, жүргізуші куәлігінен айыруымыз керек. Мысалы, қаланың ішінде рұқсат етілген жылдамдық 60 км/сағ болып, жүргізуші 120 км/сағ-пен жүрсе, осы жаза қолданылуы және оны 15 тәулікке қамау қажет. Ал егер қайталанса, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыру және 50 тәулікке қамау керек. Әріптестерім қолдаса, міне осындай ұсыныс беріп отырмын», – дейді Мұрат Әбенов.

Ол өз сөзінде Қазақстанда мұндай жағдайда Қылмыстық кодекстің 345-бабымен жауапқа тартылады. Себебі ол street racing болмаған деп есептеледі.

«Енді мен осыны 345-1-бапқа қосу керек деп ұсынып отырмын, ішімдік ішіп, рульге отырғандармен бірдей болуы керек. Қазір 3 адамды өлтірген жүргізуші 10-ақ жылға сотталады. Ал біздің ұсынысымыз, бір адам өлсе, 7-10 жыл, ал 2-3 адам көз жұмса, 10-15 жыл берілуі керек. Бұл – өте ауыр қылмыс. Мысалы Германияда екі адамды өлтірген жүргізуші өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Біз заңға осындай өзгеріс енгізуіміз керек. Осы сессия біткенше үлгерсек, ІІМ де, прокуратура да ұсынысымызды қолдауы керек», – дейді депутат.

Өз сөзінде жол ережесін қайта-қайта бұзған жүргізушілерге тек айыппұл ғана салынып келген. Енді мұндай жүргізушілер көлік айдау куәлігінен бірден айырылуы мүмкін.

«Олар 7 жыл көлік жүргізбесе, әрине нәтиже болады. Ол үшін полиция бәріне бірдей қарауы керек. Мысалы, жылына 50 рет жол ережесін бұзғандар бар, бірақ полиция арнайы шаралар қабылдамаған. Мысалы, Еуропада камера арқылы талдау жасайды. Айына 5 рет жол ережесін бұзған жүргізушінің автокөлігін айып тұрағына қойғызып, қайта оқуға жібереді. Ал 10 рет жол ережесін бұзса, автокөлігі конфискация жасалады.

Бізде ондай ешнәрсе жоқ. Неғұрлым айыппұлды көп төлесе, бізге тиімді сияқты. Менің ойым, мақсат – айыппұл жинау емес, ең алдымен қауіпсіздік. Сол себепті заңды өзгертуіміз керек. Айыппұлды көбейтуге өзім қарсымын, дәулетті адамдарға айыппұл әсер етпейді. Ал заңды бұзатындар – бай адамдар», – дейді мәжілісмен.

Ол сөзін жалғай отырып, Еуропа елдеріндегі тәжірибені де тілге тиек етіп өтті.

«Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде үлкен көшелерде жолдың ортасына арнайы жылдамдық бәсеңдеткіш төсеп қояды. Олардікі біздікіндей емес. Олар 60 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, байқалмайды. Ал 150 км/сағ жүрсе, автокөлігінің асты тиеді, т.б. Міне осыны Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне осы тәжірибені кеңес етер едім», – дейді ол.

Оның айтуынша, мұндай мәселеде тек қана полицияны кінәлі деп санаған орынсыз.

«Заңбұзушылықта street racing болған жоқ. Біз осыған дейін сталкинг, дроппер мәселелерін көтердік. Ол жағдайларда да қылмыс бар, бірақ оған шара болған жоқ. Дәл сол сияқты street racing мәселесін заңға қосуымыз керек. Оны жаңадан заңбұзушылық ретінде қарауымыз керек», – деп Мұрат Әбенов сөзін қорытындылады.